28.01.2024, 18:30

Бетперде таққан белгісіз жігіт көпбалалы анаға пәтер сыйлады (ВИДЕО)

Фото: Bugin.kz

Оның шар сатып ақша тауып жүргеніне 7 жыл болған. 

 

 

Қара бетперде киген жігіт тағы бір жалғыз басты анаға тосын сый жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шар сатып тұрған келіншектің 6 баласы бар. Ең кішісі қант диабетімен ауырады. Пәтер жалдап тұратын әйелдің өзінің де жүрегінде ақау бар екен.

Оның шар сатып ақша тауып жүргеніне 7 жыл болған. 

Бұйырғанын сатамын. Бірде сауда бар, бірде сауда жоқ. Оған да мұңаймаймын. Алла өзі жеткізеді деймін. Кенже ұлым ауырмай тұрғанда, мен күндіз де сауда жасайтынмын. Бала-шағамды аяғынан тұрғызсам деймін. Мен оларға байлық, дүние - мүлік бере алмасам да, аналық махаббатымды бергім келеді, дейді 6 баланың анасы. 

Бетперде киген жігіт ол келіншекке баласының еміне ақша және пәтер кілтін табыстады. Көп балалы ана қуаныштан жылап, жүргегі ауырып кеткенін айтқан. 

Айта кетейік, қара көзілдірік тағып, қара бетперде киген жігіттің кім екені белгісіз. Алайда, ол бұған дейін де бірнеше рет мұқтаж жандарға осылай жасырын көмектесіп келеді.