29.01.2024, 01:30

«Көңіліңді қынжылтады»: Қарағандыда соққыға жығылған жүргізуші оқиғаның мән-жайын айтты

Фото: Qumash телеграм арнасы

Олар сол түні қызылшасы бар балаға шұғыл шақыртуға келген.

Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі сол күні оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Telegram-PATRIOT арнасының хабарлауынша, олар сол түні қызылшасы бар балаға шұғыл шақыртуға келген. Жәбірленушінің айтуынша, түнде сағат 23.57 - де қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы бір жасар баланы шақыруға жедел шыққан. 

Көлік қатты тербелді. Сол жаққа қарасам, қолына тумбочка көтерген жас жігіт келеді екен. Ол былапыт сөз айтып келе жатты. Сәлден соң қайта оралды, қолында тумбочка болған жоқ. Мен оған бауырым, мен түн ортасында аулада осылай тұрмаймын. Біз науқасқа, бір жасар балаға келдік. Ер адам:"Сен мені айнадан көріп тұрып жол бермедің" деді, - дейді жүргізуші.

Жүргізушінің айтуынша, ол ер адамға көлікті басқаша қоя алмайтынын түсіндіруге тырысқан, бірақ ол тыңдамай жұдырығын ала жүгірген. 

Шынымды айтсам, өзім күткен жоқпын. Халық үшін жұмыс істейсің, адам өмірін құтқарасың, нәтижесінде өзіміз жарақат аламыз. Әділетсіз, көңіліңді қылжылтады, - дейді жәбірленуші.

Бүгінде денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция жүргізушіні ұрған адамның кім екенін анықтады.