Ал, 2006 жылғы жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді.
Атырауда жеңіл көлік Жайық өзеніне түсіп кетті. Көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға бүгін, 28 қаңтарда болған.
Бүгін жергілікті уақытпен 13:08 шамасында Атырау қаласының маңындағы Көкарна ауылының тұсында Жайық өзенінің мұзы ойылып, жеңіл көлік түсіп кетті. Көліктегі жолаушыларды құтқару үшін жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында 1992 жылғы жүргізуші көз жұмды. Ал, 2006 жылғы жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жергілікті әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарына мұздан өту кезінде қауіпсіздікке мән беру қажеттігін құлаққағыс етті.
Мұз үстімен жүргенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Өзен жағасында қойылған арнайы белгіні назарға алған жөн. Су айдынының рұқсат етілмеген тұсынан өтпеу қажеттігін ескеру керек, - деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметінен.