Ол екінші деңгейлі банк пен Отбасы банк арасындағы айырмашылықты түсіндіріп берді.
Белгілі блогер, депутат Дәулет Мұқаев «Qasqa jol» ютуб-арнасына сұхбат беріп, Қазақстандағы баспана мәселесі туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мұқаевтың айтуынша, Отбасы банктің жүйесі немістерден алынған.
Отбасы банкте әр адам өзінің жинаған ақшасына үй алу керек. 50 пайызын жинаса, 50 пайызын банк беріп, несиелендіру жүреді. Ал, 20 пайыз, 10 пайыз жарнамен мемлекет көмектеспесе, банк өзге халықтың депозитке жинап жатқан ақшаларынан алу керек болады. Оны банк алмайды. Егер алатын болса, депозиті бар халық өзінің ақшасын талап етсе, банкке қиын боп қалады. Өйткені халық, 20-25 жылға алып отыр ғой.
Екіншіден, Отбасы банктің жүйесі толығымен Германия, немістерден көшірілген. 50 пайызын жинап, жартысын банк береді деген.Оның өзін 6-7 жылға береді, иә, 20-25 жыл емес. Ал, енді бастапқы жарна төмендеген сайын, ай сайынғы төлем де көп бола береді, деді ол.
Сонымен қатар, ол екінші деңгейлі банк пен Отбасы банк арасындағы айырмашылықты түсіндіріп берді.
Тағы бір мәселе - қазір бағдарламалар тоқтап қалып жатыр. Басқа банктерде бұрын баспана хит болды. 11 пайыз, 10/75 пайызбен алды, елдер. Ол кезде Отбасы банкті керек етпей, екінші деңгейлі банктерден-ақ ала берді. Бәсеке болды. Соңында, мына санкцияның салдары бар, инфляцияның әсері бар, базалық мөлшерлеменің өзі 16-ға дейін көбейді. Базалық мөлшерлеме болғаннан кейін, екінші деңгейлі банктер ешқашан 15 тен төмен бермейді. Ол 15 ті Ұлттық банктің өзінен алып, үстінен пайдасын көру керек қой. Ол жоқ дегенде 5-7 паыйыз көргеннің өзінде 22 пайыз болып тұр. Ал, Отбасы банк 9 пайызға көтерді. 22 пайызбен салыстырғанда, әрине 9 пайыз аз.
Сондықтан, мен үнемі айтып келе жатқан ОП (бағалау көрсеткіші) 16 - ға толса, банк cізге 5 пайызбен береді. Енді сіз мәселен, 14 миллионның үйін алсаңыз, екінші деңгейлі банкке 32 млн етіп қайтарасыз, ал, Отбасы банк арқылы 1 млн 200 мың көлемінде ғана үстеме қосылады. Бұл пайыз жағынан әлдеқайда тиімді, дейді Дәулет Мұқаев.