$ 498.34  519.72  4.85

Жалған ақшаны қалай анықтауға болады?

Банкнотаның бет жағының жиегінде шығыңқы, күрделі бедерлі элементтер бар, оларды саусақпен сипап сезуге болады.

 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстан Ұлттық банкі халыққа жалған ақшаны қалай анықтауға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Ұлттық банк мәліметінше, жалған ақша мен шын ақшаны төмендегілей белгілеріне қарап анықтауға болады.

  • Банкнотаға бедер салатын алтын интаглио атты арнайы баспа тәсілі қолданылған. 5 000 теңгеде алтын түсті күрделі бедерлі бояумен Қазақстанның елтаңбасы басылған.
  • Банкнотаның бет жағының жиегінде шығыңқы, күрделі бедерлі элементтер бар, оларды саусақпен сипап сезуге болады.
  • Банкнота бетінде екі түсті үзік-үзік қорғаныш сызық та бар. Ол, жарық түскенде, біртұтас сызық болып анық көрінеді. Банкнотаға басқа қырынан қараған кезде, қызыл және көк түстер бір-бірін кезектесе алмастырып тұрғандай әсер беретін динамикалық эффект байқалады.
  • Банкнотаның бет жағында бүркіт бейнесіндегі көлемді, айшықталған патч қорғаныш элементі орналасқан. Банкнотаны аударғанда, номиналдың құнын білдіретін цифр ою-өрнекке айналады, сондай-ақ күн белгісінің сәулелері жан-жаққа таралғандай әсер байқалады.
  • Кей көркемдік элементтерге арнайы алтын түстес жылтыр бояу қолданылған.
  • Банкнотаға жарық түскенде, номиналдың құны көрсетілген ерекше белгі анық байқалады.
  • Банкнотаның екінші бетінде «Бүркіт» артефактінің бейнесінде көлемді Спарк элементі орналасқан. Банкнотаға басқа қырынан қараған кезде, Спарктың түсі алтын түстен нефрит түске өзгереді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары