Барлығы 752 адам қызметке шақырылады.
Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 25 қаңтардағы "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" қаулы қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қаулыға сәйкес офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылады. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.
Барлығы 752 адам қызметке шақырылады.
Қаулы 2024 жылғы 9 ақпанда күшіне енеді.