$ 487.37  532.94  5.09

Ақтөбелік көріпкел Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты өз болжамын жасады

31-і күні шамалы сезіледі, халық қорқады.

Фото: bagdagul_synykshy инстаграм парақшасынан
Фото: bagdagul_synykshy инстаграм парақшасынан

Алматыда болған 6 баллдан асатын жер сілкінісі көпшіліктің даурығуына алып келді. Қазір де көпшілік жер үйлерге көшіп, демалыс күндері қаладан шығып кетуге тырысып, үрейленіп өмір сүруде. Тіпті ресми емес ақпараттар да көп. Желіде құстар мен жануарлардың түрлі видеолары тарап, тұрғындардың зәресін алуда. Осы орайда KYN.KZ емші әрі көріпкел  ақтөбелік Бағдагүл ханымға хабарласқан еді. Көріпкел әзірге дүрлігудің қажеті жоғын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Тура қазір қауіп жоқ. "15-і болады" деп даурыққан кезде біз шырақ жақтық. Ата маған "Шырақ жақ" деп аян берді. Шырақ жаққанда күліп-ойнап, бата қылдық. Ол кезде менің аузым дуалы ғой. "Қытайда болсын ба? Айдалаға көрінсін" деген сөздер аузыма өзі келді. Ошағы 10 балл болды. Расымен айдалаға көрінді. Енді болмайды. Ең қиынын өткердік, бізге 6 баллдан сәл асып көрінді.

Көріпкелдің сөзінше, енді қорқуға себеп жоқ.

Атаның айтқаны енді болмайды. Қазір болса, 2-3 балл болады. Шырақты елмен бірігіп жақтық. Шыраққа әйел адамның қолын аспанға көтерген бейнесі түсті. Тілегіміз қабыл болды. Өткен жексенбі сиыр сойып, құран оқытыңдар деген аянмен ел болып, садақа бердік. Енді мүлде қорқудың қажеті жоқ. Бастысы әруақтар қолдап, осы бір ауыр сәт жеңілімен келіп, аман өттік.

Бағдагүл ханымның айтуынша, ақпан айынан бастап тыныштық орнайды. 

31-і күні шамалы сезіледі, халық қорқады. Бірақ, олай дабыра қылатын қауіп-қатер жоқ. 1-ші Ақпан күнен бастап, тыныштық орнайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 305
Ұнамайды 18
Күлкілі 13
Ашулы 14

Серіктес жаңалықтары