30.01.2024, 16:00

Алматыда бірнеше үй сусыз қалды

Фото: Pixabay

Белгілі болғанындай, 19-21 қаңтар күндері аталған учаскеде апатты жою жұмыстары жүргізілген.

Алматының Наурызбай ауданында жерасты су құбыры жарылып, 40-тан астам тұрғын үй мен жедел жәрдем станциясы суық сусыз қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Алатау даңғылындағы диаметрі 350 мм қалалық жерасты су құбыры жарылып, осыған байланысты бірқатар тұрғын үй суық судан ажыратылды.

Алатау даңғылы мен Сәбденова көшесінің қиылысындағы су желілерінің ақаулы бөлігін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Шұғыл» ықшамаудан тұрғындарына суды сағат 17:00-ге дейін береміз,- деп хабарлады «Алматы Су» кәсіпорнынан.

Белгілі болғанындай, 19-21 қаңтар күндері аталған учаскеде апатты жою жұмыстары жүргізілген.