$ 442.05  474.14  4.74

Елімізде коммуналдық тарифтер қымбаттайтын болды

Әрине, осыдан кейін су тиімсіз пайдаланылады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Елімізде коммуналдық тарифтер бағасы қымбаттайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкіметте өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Орташа алғанда, кейбір субъектілер мен ТКШ түрлері бойынша тарифтердің өсуі 10-15% болады. Бұл орташа есеппен 20-30% құрайды. Су – маңызды ресурс. Біз оны үнемдеуге тырысуымыз керек. Тек инфляцияны ұстап тұру керек, - деді ол.

Министрдің айтуынша, елімізде судың тарифі өте төмен.

Былтыр мен Батыс Қазақстан облысында болдым. Онда судың бір текше метрі – 44 теңге. Әрине, осыдан кейін су тиімсіз пайдаланылады. Мысалы, сіз моншаға барсаңыз, онда судың текке ағып жатқанын көресіз. Оны өшіру керек. Өкінішке қарай, үнемдеу жоқ. Өте маңызды ресурс болғандықтан, суды үнемдеуіміз керек. Тариф өседі. Бүгінде суға 200-500 теңге төлейміз. Сондықтан мұнда (су тарифін) айтарлықтай көтеруге болады. Олай істемесек, үнемдеу болмайды. Биыл тариф (бағасы) өседі, - деді Қуантыров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары