30.01.2024, 18:00

Жәнібек Әлімханұлына рекордсменмен жекпе-жекке шығу ұсынылды

Фото: Yong Teck Lim/Getty Images

«Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін көргім келеді».

WBO және IBF бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) – бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Хайме Мунгияға (43-0, 34 КО) қарсы жекпе-жек өткізуге жақсы қарсылас деп танылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мұндай пікірді StrictlyBusinessBoxing.com сайтының шолушысы айтты.

Чарло немесе Кленело жекпе-жекке шықпағандықтан, тыныш отырғанша, Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін көргім келеді, – деп жазды автор.