31.01.2024, 07:30

Бүгін ауа райы қалай болады

Фото: Pixabay

Қостанай облысында тұман түсіп, жел соғады.

 

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

31 қаңтарда Астанада қарлы боран соғады.

Жамбыл облысында желдің екпіні 30 м/с-қа дейін жетеді.

Ұлытау, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, екпінді жел соғады.

Ақмола, Қызылорда, Атырау облыстарында көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Қостанай облысында тұман түсіп, жел соғады.

Жетісу облысында көктайғақ болып, тұман түседі.

Маңғыстау облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ.

Түркістан облысында қатты жаңбыр жауады.