01.02.2024, 05:30

Самат Смақов қазақ әліпбиінде неше әріп барына жауап бере алмады

Фото: caravan.kz

Қақпашы Давид Лория "Абай жолы" романының авторы Абай деп жауап берді.

Белгілі футболшы Самат Смақов қазақ әліпбиінде неше әріп барын айта алмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Caravan.kz мәліметінше, футболшылар  "Жұлдызбысың" бағдарламасына қатысып, сұрақтарға жауап берген.

Бағдарлама шарты бойынша, олар тез арада қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек.

Самат Смақов қазақ әліпбиінде 38 әріп бар десе, ал қақпашы Давид Лория "Абай жолы" романының авторы Абай деп жауап берді.