01.02.2024, 01:30

Маңғыстауда арқар мен қарақұйрық көбейді

Фото: Pixabay

100-ге жуық маман жануарларды күні-түні күзетеді.

Маңғыстауда арқар мен қарақұйрықтың саны 18 пайызға көбейген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Qazaqstan.tv ақпаратынша, биыл соңғы санақтың нәтижесінде 1100-ге жуық арқар тіркелді. Қарақұйрықтар да саны жылдан-жылға артып, 250-ден асқан. Аңдардың көбеюіне «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде бақылаудың күшеюі себеп болған. 100-ге жуық маман жануарларды күні-түні күзетеді.

Сондай-ақ, облыста аң-құстарға арналған бұлақтардың көзін ашу жұмыстары жандана түсті. Былтыр 52 бұлақтың көзі ашылған.

Оның көбеюіне қолайлы жағдай – ең бірінші оларды қарау, күзету. Біздерде ыстық күндері бұлақ көздері тартылып қалады. Сарқылып қалады. Сол себепті біздерде жаз бойына бұлақ көздерін ашу. Қысты күндері жұлт болғанда қуаңшылық болғанда, биотехникалық шаралар жүргіземіз. Бұған жем-шөп шашу деген сияқты жұмыстар, деді «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметкері Мұхаммед-Рахым Боранбаев.