01.02.2024, 09:20

Маңғыстау облысындағы кен орнында жұмысшы қаза тапты

Фото: Pixabay

Оқиға ұңғымаға күрделі жөндеу жүргізу кезінде болды.

Мердігер "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ қызметкері жұмыс орнында қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Lada.kz жазғандай, әлеуметтік желілерде 27 қаңтар күні "Өзенмұнайгаз" АҚ-ға қарасты Өзен кен орны аумағында қайғылы оқиға болғаны туралы ақпарат тарады.

Өзенмұнайсервис" АҚ мердігері "МунайСпецСнабКомпани" ЖШС қызметкері қайтыс болды. Оқиға сағат 21:25-те НГДУ-3 жұмысшылары жүргізген №4192 ұңғымаға күрделі жөндеу жүргізу кезінде болды, - деп жазды басылым.