$ 443.35  475.54  4.82

Футболдан Қазақстан құрамасы Түрікменстанмен жолдастық матч өткізбек

Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің плей-офф матчы 21 наурызда Афина қаласында болады.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың Түрікменстан командасымен жолдастық кездесу өткізбек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұлттық құрама 8 наурызда УЕФА Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекиямен ойын алдында Дубайда оқу-жаттығу жиындарын бастайды. Ал 14 наурызда Түрікменстан құрамасына қарсы жолдастық ойын жоспарланып отыр.

Еліміздің бас командасының Грекияға қарсы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің плей-офф матчы 21 наурызда Афина қаласында болады.

Бұған дейін Қазақстан мен Түрікменстан құрамалары өзара үш рет ойнаған. Командалар алғаш рет 1992 жылы 1 маусымда Алматыда Орталық Азия кубогы жолындағы турнирдің финалдық кезеңінде кездескен. Бұл ойында Қазақстан Түрікменстан командасын 1:0 есебімен жеңген болатын.

Екінші матч Ашхабад қаласында болған. Сол жылы 14 қыркүйекте Орталық Азия кубогының финалдық кезеңінде қарсыластар 1:1 есебімен тең тарқасқан.

Ал үшінші рет құрамалар 1994 жылы 15 сәуірде Ташкент қаласында бас қосқан. Командалар Өзбекстан Тәуелсіздігінің кубогы жолындағы жарыстың финалдық кезеңінде ойнап, бір-біріне гол сала алмай кеткен. Матч 0:0 болып аяқталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары