$ 443.35  475.54  4.82

Депутат: Құлыбаев елдің спортына зиянын тигізіп жүр

Қазақстан спортқа 1 млрд доллар бөледі.

Фото: parlam.kz
Фото: parlam.kz

Мәжілісте спорт туралы заң жобасы таныстырылып жатыр. AMANAT фракциясының мүшесі Ерлан Саиров отандық спорттан олигархтарды шеттету мәселесін көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Мәжіліс депутаты Туризм және спорт министрінен олигархтарға қарсы күш-жігері бар-жоғын да сұрады. 

«Спорт процесінен олигархтардың барлық қолхатшыларын алып тастау керек. Құлыбаев бар, оның айналасындағы жүргендердің барлығы елдің спортына зиянын тигізіп жүр. Құзырлы министрліктің спорттағы олигархтарды қуып жіберетін күш-жігері бола ма? Олигархтар мен оның туыстары, достары әртүрлі федерацияларды ашып, Қазақстан бюджетінің қаржысының тоз-тозын шығарды», - деді ол.

Ерлан Саиров отандық спортқа бюджеттен өте көп қаражат бөлініп отырғанын, соған қарамастан біздің спортшылар көрші өзбек пен қырғыздардан рейтингте қалып қоятынын айтты.

«Қазақстан спортқа 1 млрд доллар бөледі. Орталық Азиядағы басқа көршілеріміз ондай соманы түсінде де көрмеген. Бірақ олардың рейтингі жоғары. Осы қаржыны басқалар талан-таражға салып жатыр. Қазақстанның олимпиадалық спортына бюджеттен ашы бөлу керек. Ұлттық спортты дамытуға қаржы бөлу керек. Басқа федерациялар бюджеттен тыс істей берсін. Бірақ біздің мемлекетіміздің қаржысы жоғарғы жетістікке жететін олипиадалық спортты дамытуға кетуі керек. Аймақтағы азаматтар да осы мәселені айтып отыр», - деді Саиров.

Мәжілісте Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы таныстырылып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары