01.02.2024, 20:30

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін сабаған күдікті ұсталды

Фото: Pixabay

Қазіргі уақытта Дакебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісіне ұрып-соққан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

1 ақпан күні Қарағанды облысында Бас прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласында 27.01.2024ж. сағат 00:20 шамасында жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан бойынша күдікті Дәкебаев Нұрболат Нұрымұлы ұсталды.

Тергеу барысында ол бой тасалап, іздеуге жарияланған болатын.

Қазіргі уақытта Дакебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін ең жоғары жаза үш жылға дейін бас бостандығынан айыру болып табылады.