$ 494.87  520.65  4.91

Елді 3 млрд теңгеге алдап кеткен күдікті ұсталды

Тергеу барысында ол тергеуден жалтарып, іздеуге жарияланған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қызылордада аса ірі көлемде алаяқтық қылмыс бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

30 қаңтар күні Бас прокуратураның үйлестіруімен Қызылорда қаласында аса ірі көлемде алаяқтық қылмысы бойынша күдікті Р.Қ.Қаржауов ұсталды. Істі тергеу барысында оның 2021-2022 жылдары адамдар тобымен азаматтарға жалған автокөлік несиелерін рәсімдегендігі анықталған. Барлығы 235 адам зардап шегіп, оларға келтірілген залал 2,9 млрд теңге, - делінген хабарламада.

Тергеу барысында Қаржауов тергеуден жалтарып, іздеуге жарияланған.

Қазіргі уақытта Қаржауов Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары