02.02.2024, 17:40

Павлодарда көлік жанынан адам мәйіті табылды

Фото: instagram.com/tipavlo.dar

2001 жылы туған.

Павлодарда тұрғын үй аулалардың бірінде өртеніп кеткен көлік жанынан 2001 жылы туған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 ақпанда таңғы сағат 05:31-де үйлердің бірінің маңында "ВАЗ-2190" көлігі өртеніп кеткені туралы хабарлама түскен. Өрт аумағы 4 шаршы метрге тараған.

Өрт сөндіру қызметі көлік қаңқасының жанынан 2001 жылы туған ер адамның өртенген мәйітін тапты. Өлімнің себебі анықталып жатыр, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство өрттің сағат 05:46-да оқшауланып, 05:48-де толығымен сөндірілгенін атап өтті.

Оқиғаның себебі мен шығыны анықталып жатыр. Оқиға орнында бес адам мен бір техника жұмыс істеді. Аталған оқиғаға қатысты материалдар полиция тапсырылды, - делінген хабарламада.