Бұл белдесу екі спортшы үшін де оңай болған жоқ.
Қазақстанның ең атақты дзюдошысы Елдос Сметов «Үлкен дулыға» турниріндегі екінші белдесуінде сәтсіздікке ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ҚазАқпарат мәліметінше, Сметов әлемдік рейтингіде төртінші орында тұрған дзюдошы, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері оңтүстіккореялық Ли Харимнен жеңіліп қалды.
Бұл белдесу екі спортшы үшін де оңай болған жоқ. Отандасымыз қарсыласын қарымта шабуылға шығу арқылы жеңуге тырысты. Бірақ Лидің мерейі үстем болды.
Өкінішке қарай, турнир басталған күні Қазақстан Grand Slam турнирінде жүлдеге іліге алмады.