03.02.2024, 07:30

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Фото: Pixabay

Ауа температурасы түнде -3-5°C, күндіз 0+2°C.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн бұлтты және әрі жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сондай-ақ бұрқасын, екпінді жел тұрып, көктайғақ болады. Әзірге тек оңтүстік аймақтар антициклонның ықпалында болмақ, яғни мұнда негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сонымен қатар бұл атлантикалық циклон республиканың барлық аумағында температураның біртіндеп жоғарылауына себеп болады.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде -17°C аяз, тұман түсіп, жел күшейеді.

Астанада

3 ақпан көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 7-12, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде -15-17°C, күндіз -5-7°С;

4 ақпан көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауады, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 9-14, 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде -7-9°C, күндіз -3-5°С;

5 ақпан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 9-14,15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз -1-3°С.

Алматыда

3 ақпан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -10-12°C, күндіз -1-3°С;

4 ақпан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -8-10°C, күндіз 0-2°C;

5 ақпан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз 0-2°С.

Шымкентте

3 ақпан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -8-10°C, күндіз +3+5°C;

4 ақпан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа бұрылатын жел екпіні 8-13 м/с болады. Ауа температурасы түнде -3-5°C, күндіз 0+2°C;

5 ақпан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°C, күндіз +4+6°C.