$ 443.35  475.54  4.82

Жас жігіт көлігімен бірге өртеніп кетті

Оқиға Толстой көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған.

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Павлодарда Лада Гранта жеңіл көлігі өртенді. Отқа оранған көліктің жанынан жас жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Bugin.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Толстой көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған.

"2 ақпан күні таңертеңгі сағат 5.31-де жеңіл машинаның өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Үй ауласында тұрған ВАЗ-2190 көлігі толығымен жалынға оранған. Құтқарушылар өртті сөндіру барысында машинаның жанынан өртеніп кеткен жігіттің мүрдесін тапты. 2001 жылы туған азаматтың өлім себебі анықталуда",- деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдай департаментінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары