$ 442.05  474.14  4.74

Ахметбек Нұрсила «Таптым-ау сені» фильмінің жалғасы түсірілуіне қарсы шықты

Қазақ деген халықты аздыруға біреу арнайы тапсырыс беріп түсірген бе?

Фото: kaz.caravan.kz
Фото: kaz.caravan.kz

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила актриса Дариға Бадықова продюсерлік еткен "Таптым-ау сені" фильмнің жалғасын түсіруге тыйым салуды ұсынды. Бұл турал өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кәсіпкер өзіне ұнамаған тұстарын жіпке тізген моншақтай жазып шыққан. Оның сөзінше, ақша табу үшін түсірілген бұл фильмді бір қарағанда тапсырысқа ұқсатқан. 

"Таптым-ау сені" деген фильм егер тереңірек қарасаңыз "Қазақ деген халықты аздыруға біреу арнайы тапсырыс беріп түсірген бе?" деген ойға да қаласыз. Әрине олай емес, мақсаттары тек ақша табу ғой.

1. Бас кейіпкер бір жерге кірсе бірдеңе ұрламай шықпайтын сумақай, оны жаман қылық деп қабылдамайды, әшейін қылжақ қылады;
2. Бас кейіпкер бір ішкіш, дөрекі, боқтампаз қазақтың қызына үйленеді. Тойға қатысқандардың бәрі арақты суша сіміріп, жынданып жүр. Бас кейіпкерге бұл да кешірімді деген ұғым қалыптастырады;
3. Бас кейіпкер қымызға су, арақ қосып сатады, оны болашақ жұбайы көріп отырып, біліп отырып кафеге өткізеді. Оған еш жеркенбейді;
4. Фильм бастан аяқ анайы, былапыт, боқтыққа толы. Ол да қалыпты жағдай деп қабылданып, залдағы жастар мәз-мәйрам болып күліп отыр, еш намыстанбайды;
5. Қыз жігітті мотоциклге салып алып қашады. Бұл да "күлкілі" жағымды дүние болып көрсетіледі (махаббатың үшін күрес);
6. Осындай ұры, өз пікірі жоқ, алаяқ (қымызға су, арақ құйып сататын) жігітті "Таптым-ау сені" деп ғашық болып алып қашып өзі үйленеді.

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың сөзінше, мұндай дүниелерге мүлде тыйым салу керек.

Осы кино қазақ жастарына қандай тәрбие береді? Ми нені көп көрсе, естісе соны автоматты түрде қабылдайды, программаланады. Бір кезде "Бригада" деген кино шыққанда дәл сол сияқты банда топтар жинаған жастап қаптап кетіп еді. Бұндай қазақты аздыратын, қоғамды бүлдіретін дүниелерді парламентте көтеріп, тиым салдыру қажет!

Cөз соңында бұл фильмнің жалғасы түсірілмеуі керек екенін жазып, депутаттарға үндеу тастаған.

Cұхбаттарында мен жайлы айтыпты деген соң шолып шықтым. Екі сөзінің бірі орысша, жаргон. Сөйлеу мәдениеті, өзін ұстау мәдениеті өте төмен жандар миллиондарға кино түсіріп, улауға моралдық құқықтары жоқ! "Таптым-ау сені - 2" түсіреміз деп жоспарлап жатыр екен. Ел болып, жұрт болып Қазақ елінің жастарының санасын былай улай беруінен сақтануымыз керек. Депутат мырзалар! Осы мәселе жөнінде не айтасыздар? Заң шығарып, шара қолдануға бола ма?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 73
Ұнамайды 30
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары