05.02.2024, 11:00

Астанада балаларды сабаған бұзақы ұсталды

Фото: Pixabay

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде балаларды соққыға жыққан жігіт ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кеше әлеуметтік желіде тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде ер адамның бір баланы соққыға жығып, екіншісін қылқындырғаны бейнеленген видео тарады. Желіде бұл оқиғаның «Эдем палас-2» тұрын үй кешенінде орын алғанын жазуда.

Осы оқиғаға байланысты Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұзақының қолға түскенін мәлім етті.

Байқоңыр аудандық полиция басқармасы аталған тұрғын үйдің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұзақылық бабымен қылмыстық іс қоғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті полициядан.