$ 442.05  474.14  4.74

Қара бетперде киіп, қайырымдылықпен айналысып жүрген жігіттің кім екені белгілі болды

Оны желі қолданушылары "Димаш Құдайберген" деп ойлаған.

Фото: bugin.kz
Фото: bugin.kz

Қара бетперде киіп, мұқтаж жандарға жасырын көмектесіп жүрген жігіттің кім екені белгілі болды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол бұған дейін көп отбасының үйлі болуына көмектескен еді. Оны кейбір желі қолданушылары "Димаш Құдайберген" деп ойлаған. Алайда, желі қолданушысы бетперде киген жігіттің кім екенін айтты.

"Бетперде киген адам 26 жастағы Оралдық жігіт. Оны көбісі "Димаш Құдайберген" деп жүр. Бірақ ол қарапайым адам. Оның бар мақсаты адамдардың өмірін жақсарту. Ол мұқтаж жандарға көмектеседі. Ол жігіт өзінің жүзін де, есімін де жасырады. Халыққа көмекті атақ, даңқ үшін жасамайды. Ол қара бетперде, қара көзілдірік киіп алған",- деп жазады bugin.kz сайты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары