$ 443.37  474.49  4.83

Өскеменнің орталық көшесінде 6 көлік соқтығысты

5 адамға, оның ішінде бір балаға медициналық көмек қажет.

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Өскемен қаласындағы орталық көшелердің бірінде алты көлік соқтығысып, 5 адам, оның ішінде 1 бала зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Astana.tv ақпаратынша, жол апаты қаладағы Әуезов даңғылында болған. 

«Ssanq Yong автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі М.Горький көшесінен Әуезов даңғылына шығып келе жатқанда Mitsubishi көлігімен соқтығысқан. Сол соққыдан кейін жол-көлік оқиғасына екі ГАЗ, Lexus және Lada Granta көліктері де тап болды. Ssanq Yong жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 5 адамға, оның ішінде бір балаға медициналық көмек қажет болды. Абырой болғанда, ауыр жарақат алған ешкім жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары