Қазіргі таңда 22-жастағы елорда тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Астанада клубтардың бірінен келушінің мүлкін ұрлаған бойжеткен ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сарыарқа аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды.
Әйел адамның айтуынша, сағат 04:40 шамасында клубтардың бірінде өзіне тиесілі Аіr Pods 2 құлаққабын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.
Хабар келіп түскен бойда тәртіп сақшылары оқиға орын алған клубқа келіп, мән-жайды білді. Олар қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, камераларды қарап шықты. Нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар бойжеткен анықталды.
Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, жәбірленуші әйел сөмкесін қараусыз қалдырған. Осы сәтті клубка келген клиент байқап, бөтеннің сөмкесіне қолын жүгіртіп, құны 80 мың тұратын жеке затын жымқырып, өз сөмкесіне салып алған. Одан айғақты зат тәркіленіп алынып, иесіне қайтарылды.
Қазіргі таңда 22-жастағы елорда тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.