$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте оқушы сабақ үстінде қайтыс болды

Ол құрбысына белгісіз дәрі ішкенін айтқан.

 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шымкентте 8-сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, Низамхан орта мектебінің оқушысы құрбысына үйінен белгісіз дәрі ішіп келгенін айтқан.

Содан екінші сабақта есінен танып қалған.

Тарих пәнінің мұғалімі мен сынып жетекшісі жедел жәрдем қызметін шақырған.

Мектеп медбикесі алғашқы көмек көрсетті. Жедел жәрдем қызметкерлері зонт арқылы асқазанын шайды. Оқушы өзін жайсыз сезінгендіктен ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, 2009 жылы туған жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды, - делінген ведомство ақпаратында.

Қазіргі таңда құзырлы орган өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары