$ 439.4  473.54  4.76

Нұрлан имам Пенсильвания штатында уағыз айтты

Сондай-ақ, ол жаңа қосылған жастардың некесін қиды.

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Нұрлан имам Филадельфияда екі жастың некесін қиды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Нұрлан имам өз парақшасында жазған.

"Бүгін Астана қаласындағы Ырыскелді қажы атындағы мешітінің Бас Имамы Нұрлан Байжігітұлы қажы Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласындағы Аль-Бухари мешітінде қырғыз, өзбек, қазақ жамағатына уағыз айтты.

Уағыздан соң Нурлан қажы бас имам болып жамағатпен намаз оқыды. Бұл кездесу барысында - жақсы адамдардың қасиеттері, түзу жолы және Аллаh туралы әңгіме жүргізіп қоймай, жаңа қосылған жастарымыздың ақ некесын қидық! Іс-шара жоғары деңгейде және әсерлі өтті.

Нұрлан мырзаға және Жұлдызай ханымға АҚШ қазақтарының діни ахуалына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!!! Америка Құрама Штаттары және Филадельфия қазақтары өзіңізді әрдайым күтеді", - деп жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары