07.02.2024, 16:40

Екібастұзда есірткі сатқан адам 7 жылға сотталды

Фото: polisia.kz

38 жастағы тұрғын ұсталды. 

Екібастұзда есірткі сатушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Polisia.kz мәліметінше, 2023 жылдың жазында көліктегі полициясы департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын өткізді деген күдікпен Екібастұз қаласының 38 жастағы тұрғынын ұстады. 

Ол “Қазсушар” РМК-нің Қ.Сәтпаев атындағы каналының қызметкері болып шықты. Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен ұсталған азаматтың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында кептірілген марихуана салынған 13 полиэтилен пакет (zip-lock) табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Қаңтар айының соңында Екібастұз қалалық сотының үкімімен ұсталған азамат кінәлі деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.