8 қазақстандық фильм халықаралық марапаттарға ие болған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен Қазақстанның киноиндустриясын қолдау және дамыту бойынша белсенді шаралар атқарылып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгін түрлі байқауларда марапатқа ие болған, сондай-ақ отандық көрерменнің көңілінен шыққан фильмдермен танысуды ұсынамыз.
2023 жылы мемлекет қолдауымен 18 фильмнің өндірісі аяқталды. Тағы 19 жаңа киножобаның түсірілімі басталды. 8 қазақстандық туынды халықаралық кинофестивальдерде марапаттарға ие болды.
Министрліктің қолдауымен түсірілген 30-ға жуық фильмнің прокатқа шығуы жоспарланған.
Фильм сценарийлеріне іріктеу жүргізетін байқау бастау алды. Басымдық берілген тақырыптармен ҚР МАМ ресми сайтында танысуға болады.
Сондай-ақ Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығымен кинематография саласында субсидиялауға өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз.
Құжаттар 2024 жылдың 31 қаңтарынан 29 ақпанына дейін қабылданады.