07.02.2024, 18:20

Республикалық маңызы бар жолдардың 66 учаскесі жабылды

Фото: Pixabay

Бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы сақталуда.

7 ақпан сағат 15.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 66 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ақмола облысында – 12 учаске;

Ақтөбе облысында – 13 учаске;

Атырау облысында – 2 учаске;

Жамбыл облысында – 1 учаске;

Жетісу облысында – 1 учаске;

Батыс Қазақстан облысында – 7 учаске;

Қарағанды облысында – 11 учаске;

Қостанай облысында – 8 учаске;

Қызылорда облысында – 1 учаске;

Павлодар облысында – 3 учаске;

Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске;

Ұлытау облысында – 3 учаске.