$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде электронды лотерея сату жұмысы тоқтатылды

Кейбір жерлерде Lotomatic «сары-көк» ресми терминалдарына ұқсас безендірілген жалған аппараттар заңсыз жұмыс істеуі мүмкін.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Азаматтар мен мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштерге орай Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі 2023 жылы екі мәрте – мамыр және қараша айларында лотерея операторы – «Сәтті Жұлдыз» АҚ-ға лотерея клубтарының жұмысын және электронды лездік лотереяны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсынымдар жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрліктің 2024 жылғы 20 қаңтардағы соңғы ұсынымдарына сәйкес 2024 жылғы 30 қаңтардан бастап республика аумағында Lotomatic терминалдары/киоскілері арқылы электронды лездік лотереяны тарату уақытша тоқтатылды. Алайда, кейбір жерлерде Lotomatic «сары-көк» ресми терминалдарына ұқсас безендірілген жалған аппараттар заңсыз жұмыс жасауы мүмкін.

«Осыған орай азаматтарды қырағы болуды және заңсыз лотерея терминалдарының қызметтерін пайдаланбауды, сондай-ақ заңсыз жұмыс істеп тұрған Lotomatic киоскілері немесе лотерея терминалдарын байқасаңыз Министрліктің Telegram (https://t.me/stop_online_casino_bot)және WhatsApp (+7 707 9071507) чат-ботына хабарлауды сұраймыз. Әрбір өтініш лотерея операторы мен құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып мұқият қаралатын болады. Құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылады», – делінген хабарламада.

Министрлік мемлекеттік органдар қоғам өкілдерінің көмегімен электронды лездік лотереялардың заңсыз қызметін тоқтатып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғай алатынына сенімді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары