$ 443.37  474.49  4.83

Мәжіліске маска тағып келу міндеттелді

7 ақпаннан бастап жиналыстар мен басқа да бұқаралық іс-шаралар онлайн форматқа ауыстырылады. 

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Мәжілісте коронавирусқа байланысты маска тағып келу міндеттелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Astana.tv ақпаратынша, ӨДП МК бас санитарлық дәрігері Темірғалиева А.Қ 2024 жылғы 6 ақпандағы қаулысына сәйкес, Парламент Мәжілісі ғимаратының аумағында коронавирустық инфекцияға қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты міндетті түрде бетперде кию режимі және басқа да алдын алу шаралары енгізілген. 

7 ақпаннан бастап жиналыстар мен басқа да бұқаралық іс-шаралар онлайн форматқа ауыстырылады немесе маска режимі мен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі.

"Осыған орай, Мәжілістегі іс-шараларға қатысатын журналистерден шектеулер ресми түрде жойылмайынша жоғарыда аталған шараларды сақтауды сұраймыз. Ғимаратқа кірер кезде өзіңізбен бірге медициналық маскалар алып келуіңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары