$ 491.7  531.28  5.07

Астана тұрғыны жоқ пәтерлерді жалға берген

Қазіргі уақытта қалған жәбірленушілер анықталып жатыр.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Астанада жоқ пәтерлерді жалға берген тұрғын құрықталды, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданының полицейлері жылжымайтын мүлікпен байланысты алаяқтыққа қатысы бар Павлодар қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтады.

2023 жылдың қараша айынан бастап әйел сайтында жылжымайтын мүлікті жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Хабарландыруларда нарықтық бағадан төмен баға және пәтер интерьерінің тартымды фотосуреттері көрсетілген. Негізінен, алаяқтың арбауына тұрғын үйді тәулік бойы жалға алатын қала сыртынан келген азаматтар алданған.

Мәселен, полицияға пәтер жалдағаны үшін бейтаныс әйелге 123 мың теңге аударған Алматы тұрғыны жүгінген. Басқа жағдайда жәбірленуші Крыша KZ сайтында пәтерді жалға беру туралы хабарландыруды көрген. Хат алмасу барысында ол жалға берушіге 20 мың теңге көлемінде ақша аударған. Ақша аударғаннан кейін телефон нөмірі бұғатталған.

Қазіргі уақытта полицияға 11 азамат арызбен жүгінген. Аталған фактіге қатысты алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта қалған жәбірленушілер анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары