09.02.2024, 17:40

Астана әуежайында рейстер тағы кешігіп жатыр

Фото: Pixabay

Қазір ұшуға тиіс 78 рейстің 6-ы ұшақтың кеш келуіне байланысты кешіктіріліп жатыр.

Астана халықаралық әуежайы рейстерге қатысты соңғы ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әуежайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір ұшуға тиіс 78 рейстің 6-ы ұшақтың кеш келуіне байланысты кешіктіріліп жатыр.

"Сондай-ақ ұшып келуге тиіс 79 рейстің 15-і кешіктірілді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер кешікпеді және тоқтатылмады. Ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді", - делінген ресми ақпаратта.