$ 441.58  480  4.86

Алматыда шенеунік 21 млн теңге пара алған

Күдікті үй қамағына алынды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары алаяқтық бойынша күдіктеліп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы» КММ басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Шенеунік алаяқтық жасау бойынша күдікке ілінді. Алдау арқылы ол аула аумақтарын күтіп ұстау, жинау және ҚТҚ шығару бойынша қызметтер көрсету шарттарын жасасу сылтауымен 21 млн теңге көлемінде жергілікті кәсіпкердің ақшалай қаражатын иемденген, - делінген хабарламада.

Күдікті үй қамағына алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары