09.02.2024, 22:30

Алматыдағы лай көшкінінен қаза тапқан егіздермен мектебі қоштасты (ФОТО)

Фото: https://www.instagram.com/school_lyceum48

Бұл қайғыны айтып жеткізу қиын.

Бүгін Алматы қаласының №48 мектеп-лицейінің ұжымы лай көшкінен қаза тапқан жасөспірімдер Денис пен Сергей Шинмен қоштасты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қаза тапқан оқушылар туралы жазба мектеп-лицейдің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Шин Денис пен Сергей - біздің мектептің оқуышылары, сыныптастарымыз, достарымыз! Сіздерді білетін әрбір адам үшін бұл қайғыны айтып жеткізу қиын. Сіздер туралы естелік біздің жүрегімізде сақталады, – деп жазылған мектептің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салсақ, 8 ақпанда Алматыда лай көшкіні жүріп, салдарынан үйінді астынан 4 адамның денесі табылды. Олардың екеуі - 2007 жылғы бала.