$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда лай көшкіні құрбандарымен қоштасу рәсімі өтті

Қаза тапқандар қалалық “Боралдай” зиратында жерленеді.

Фото: Baq.kz
Фото: Baq.kz

Лай көшкіні салдарынан қаза тапқан азаматтармен қоштасу рәсімі “Көктөбе” санаторийінде өтті, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы BAQ.KZ - ке сілтеме жасап. 

8 ақпан күні түнде Тау-Самал шағын ауданында лай көшкіні 1 үйді толығымен басып қалған болатын. Тағы бір үйге жартылай зақым келді. Жарты күнге жалғасқан құтқару-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 4 адамның мәйіті табылды.

Айта кеткен жөн, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаза болған азаматтардың туған-туысқандарына көңіл айтып, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға әкімшілік көмек беретінін айтқан болатын.

Қаза тапқандар қалалық “Боралдай” зиратында жерленеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары