10.02.2024, 16:30

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға үндеу жасады

Фото: astanatv.kz

Түрлі жағдайлардан 118 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

 

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 184 жедел шығу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның 60-ы өрттер мен жану оқиғаларына, 124-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға шыққан.

Бұл ретте 118 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырды.

"Абай болыңыз! Біз үшін әр өмір маңызды!" - деп ескертті Төтенше жағдайлар министрлігі.