$ 510.08  539.61  5.15

«Барыс» қатарынан оныншы рет жеңілді

Қатарынан тоғыз мәрте жеңілген «Барыс» екінші жыл қатарынан осылайша Гагарин кубогына қатысудан шет қалып отыр.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін өз алаңында Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

KAZINFORM мәліметінше, елордалық команда өткен турда Ресейдің СКА командасынан жеңіліп, ресми түрде плей-офф сатысына шығу мүмкіндігінен қол үзген еді. Қатарынан тоғыз мәрте жеңілген «Барыс» екінші жыл қатарынан осылайша Гагарин кубогына қатысудан шет қалып отыр.

Ал «Спартак» кейінгі алты ойынның біреуінде ғана жеңілістің ащы дәмін татты. Нәтижесінде плей-офф жолдамасына ертерек қол жеткізді. 

Соған қарамастан бүгінгі кездесуді мәскеулік клуб белсенді бастады. Ойынның 8-минутында Александр Пашин есеп ашса, Максим Цыплаков 14-минутта есепті еселеді.

Ал Ансель Галимов 22-минутта «Барыс» қақпасынан тағы бір мәрте саңылау тапса, елордалық клубтан Кирилл Савицкий 25-минутта есеп айырмасын қысқартты.

Ойынның 45-минутында ресейлік хоккейші Николай Голдобин «Спартактың» басымдығын арттырды. Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберіп, қатарынан оныншы мәрте жеңілді.

Енді «Барыс» алдағы екі ойынын 13 және 14 ақпанда Ресейде «Адмирал» (Владивосток), 16 және 18 ақпанда «Амур» (Хабаровск) командаларына қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары