Отандасымыз жартылай финалда өзбекстандық Асылбек Жалиловпен қолғап түйістірді.
Skifnews.kz ақпарат порталы – Бүгін кіші әлем чемпионаты саналатын Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Странджа кубогында қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай финалға шықты.
51 келіде ел намысын қорғап жатқан отандасымыз жартылай финалда өзбекстандық Асылбек Жалиловпен қолғап түйістірді. Нәтижесінде жекпе-жек 3:2 есебімен Ташкенбайдың жеңісімен аяқталды. Енді ол странджа кубогының алтын жүлдесіне таласады, деп жазады KAZINFORM.
Айта кетейік, бүгін тағы екі боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады. Кешкі сессияда (Астана уақытымен 21:30-да басталады) Дулат Бекбауов ( 67 келіге дейін) алжирлік Абденассер Бенларибимен қолғап түйістіретін болса, Тұрсынбай Құлахмет (80 келіге дейін) қытайда тұратын қандасмыз Тоқтарбек Таңатханмен финалға шығу үшін күш сынасады.
Біздің отандасымыз Құлахмет – Азия чемпионатының (2019), Ислам ынтымақтастығы ойындарының (2017) және жастар арасындағы Азия чемпионатының (2013) жеңімпазы.
Ал қытайда туып, сол елдің атынан шаршы алаң көрігін қыздырып жүрген қандасымыз Таңатқан жазғы Азия ойындарының (2022) чемпионы, сонымен қатар әлем чемпионатының (2023) күміс жүлдегері.