Арыстандардың өміріне жыл басында бірден емес, тек 2024 жылдың көктемінде өзгеріс болады.
Астрологтар 2024 жылы Торпақ, Арыстан, Шаян жұлдыз белгісіндегілер қосақтарын кездейсоқ кездестіріп, махаббат ләзаттына бөленеді деп болжайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Торпақ
Бұл жұлдыз белгісінде туылған адамдардың өмірі 2024 жылдың басында күрт өзгеруі мүмкін. Дегенмен махаббат өзі келеді деп күтіп, қарап отыруға болмайды. Айналаңыздағы адамдарға мұқият қараңыз, өйткені өз өміріңізді байланыстыратын адам жақын маңда жүрген болуы мүмкін. Бұрқ еткен сезім оты қысқа мерзімді деп айта алмаймыз.
ШаянЕгер, әдеттегідей, өмір қалпыңыздан танбасаңыз, онда бұл белгідегілерге махаббат бұйырмайды. Жан жарыңызды саяхат немесе қарапайым демалыс кезінде кездестіресіз. Сондықтан Шаяндар жұмысқа емес, бос уақытына көбірек уақыт бөлгені жөн. Оның үстіне батылдық танытып, өзіңіз бастамашыл болуыңыз керек. Сонда ол таныстық Сіздің өміріңізге көп нәрсе әкеле алады.
АрыстанАрыстандардың өміріне жыл басында бірден емес, тек 2024 жылдың көктемінде өзгеріс болады. Айта кету керек, бұл ретте өзіңіз емес қарсы тарап бастама көтереді, сондықтан қосағыңызды іздеп, әуре болмайсыз. Бұл қатынастар көп ұзамай анағұрлым "байсалды одаққа" айналады.