$ 444.14  477.05  4.85

Қазақстан көркем жүзуден Олимпиада лицензиясына ие болды

Ең үздік нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасында бақ сынауға мүмкіндік алды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Су спорты түрлерінен Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында көркем жүзуден лицензия иегерлері анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, командалық сайыс қорытындысы бойынша Париж олимпиадасының 5 жолдамасы ойнатылып, АҚШ, Испания, Жапония, Италия, Канада елдеріне квота бұйырды.

Ал командалық сайыста жолдама алған мемлекеттер дуэт сайысында да автоматты түрде қатысады. Қалған квоталар 5 құрлықтың үздіктеріне үлестіріледі.

Осыған орай дуэт бағдарламасында Азия құрлығынан ең үздік нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасында бақ сынауға мүмкіндік алды.

Сөйтіп Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина жұбы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының қорытындысы бойынша олимпиадаға өтті.

Ханчжоуда аталмыш жұп қола жүлдегер атанған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары