Белкөл кентіндегі медициналық амбулаторияға 2008 жылы дүниеге келген жасөспірімнің мәйіті жеткізілген.
Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде жасөспірімнің мәйіті табылды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы kazinform-ға сілтеме жасап.
Бүгін, 12 ақпан күні сағат 15.00 шамасында Қызылорда қаласы Белкөл кентіндегі медициналық амбулаторияға 2008 жылы дүниеге келген жасөспірімнің мәйіті жеткізілген.
Аталған дерек бойынша тергеу басталып, қажетті сот сараптамасы тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, - дейді Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы Айдар Қасанов.