$ 442.05  474.14  4.74

Бүгін – Ескендір Хасанғалиевтің туған күні

Қaзaқстaн Комсомол сыйлығының иегерi (1970). «Құрмет» орденiмен мaрaпaттaлғaн.

Фото: КТК
Фото: КТК

Бүгін Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің туған күні. Әйгілі композитор көзі тірі болғанда 84 жасқа толар еді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер әлеміне алғашқы туындысымен келген ол әу баста-ақ өзінің өнер адамы екенін аңғартқан. Әншілік пен композиторлықты қатар алып жүріп, мұратына жету үшін талмай еңбектенді, үздіксіз ізденді. Күйсандығын да, микрофонын да бабында ұстады.

Ескендiр Өтегенұлы Хaсaнғaлиев – 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал-хор факультетін Е. Виноградов пен Н.Шәріпованың класы бойынша курсты, әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын бітірген.

1970 жылдан бастап, Қазақ радиосы мен телевизиясының солисі. Ол Қазақстанның эстрада әншілері орындайтын көпшілікке жақсы танымал әндердің авторы.

Е.Хасанғалиевтің «Әдемі», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Атамекен», «Бозторғай», «Елігім-еркем», «Есіңе ал», «Ескірмеген махаббат», «Гүл сезім», «Жанарым» әндерін тек Қазақстан тыңдармандары емес, шетелдерде де ықыласпен қабылдайды.

Қaзaқстaн Комсомол сыйлығының иегерi (1970). «Құрмет» орденiмен мaрaпaттaлғaн.

«Алла Тағала бойыма екі өнерді бірдей дарытқан соң, екеуін бөліп-жарған емеспін. Әншіліктен де, композиторлықтан да қол үзбедім. Бір қарағанда бірін-бірі толықтырып тұратын салалар болып көрінгенімен, бұл екеуінің болмыс-бітімі екі бөлек.

Консерваторияда екі саланың мамандарын бөлек дайындайды, қолдарына ұстататын дипломдары да – екі басқа. Бірақ, мен екеуінің басын бір арнаға қосып, бірін артық, бірін кем қылмай, бірін сүбелі, бірін сұйық етпей, екі өнерді бірдей өрістетуге тырыстым.

Мұхит, Ақан, Біржан сияқты сал-серілеріміз жазған әндерін өздері орындаған. Құрманғазы атамыз да шығарған күйлерін халыққа өзі жеткізген. Бұл ертеден бар дәстүр. Мен сол үрдісті жалғадым»,- деген еді әнші.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары