Ол бұған дейін жартылай финалда өзбекстандық Асылбек Жалиловпен кездесіп, оны 3:2 есебімен жеңді.
Болгария астанасы Софияда өткен кіші әлем чемпионаты саналатын бокстан «Странджа Кубогы» мәресіне жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Байрақты бәсекеде 51 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Санжар Тәшкенбай финалдық жекпе-жекте үндістандық қарсыласы Амитке жол беріп, күміс жүлдегер атанды.
Ол бұған дейін жартылай финалда өзбекстандық Асылбек Жалиловпен кездесіп, оны 3:2 есебімен жеңді.
Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама боксшылары 3 медальды ел қоржынына салды.