$ 439.4  473.54  4.76

Президент Анар Жайылғанованың отбасына көңіл айтты

Нағыз мемлекеттік қызметшіге тән қалпымен абыройлы қызмет атқарған Анар Нұралықызының есімі мен бейнесі ұмытылмайды.

Фото: Qazaqstan телеарнасы
Фото: Qazaqstan телеарнасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Анар Жайылғанованың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Анар Нұралықызы Жайылғанованың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Анар Нұралықызы еселі еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне бар күш-жігерін жұмсады. Көптеген игі іске атсалысып, өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Нағыз мемлекеттік қызметшіге тән қалпымен абыройлы қызмет атқарған Анар Нұралықызының есімі мен бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, Анар Жайылғанова 55 жасқа қараған шағында өмірден озды. Ол 2018-2019 жылдары Мәжіліс депутаты болды. 2019-2022 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы қызметін атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары