Баптың санкциясы күдіктілердің мүлкін тәркілеп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Қарабалық ауданының прокуратурасы әкімдік қызметкерлерінің бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осылайша, кәсіпкерлік бөлімінің бухгалтері өзіне және бөлімнің бұрынғы басшысына заңсыз жоғары жалақы төлеу арқылы 13 млн бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде.
«Осы факті бойынша аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі, атап айтқанда ірі мөлшерде жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - делінген хабарламада.
Баптың санкциясы күдіктілердің мүлкін тәркілеп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.