Екі сетке созылған бәсеке 6:1, 7:5 есебімен Құламбаева – Тарраудидің пайдасына шешілді.
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Таиландтағы ITF турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелкен қазақстандық теннисші мен таиландтық Ланлана Таррауди алғашқы айналымда үндістандық Лил Десаи – ресейлік Анастасия Сухотинаны жолдан тайдырды.
Екі сетке созылған бәсеке 6:1, 7:5 есебімен Құламбаева – Тарраудидің пайдасына шешілді.
Жібек пен Ланлана жартылай финалға шығу үшін тайбэйлік Я Син Ли – қытайлық Лю Фанчжоумен таласады.
Жібек Құламбаева жекелей сында дәл осы Л.Фанчжоудан ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды – 1:6, 5:7.